Қазақстанның төртінші боксшысы Олимпиададан жүлдесіз қалды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан құрамасынан төртінші боксшы жарысты аяқтады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан тағы бір қазақстандық жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін 92 келіге дейін салмақта Айбек Оралбай Әзербайжан боксшысы Лорен Берто Альфонсо Домингеспен кездескен.
Қарсыласының шыққан тегі негізі кубалық. Ол әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жүлде алғар.

Оралбай алғашқы раундты сенімді өткізіп, 4:1 есебімен жеңді. Екінші раундта қарсыласы – Альфонсо үш минуттық кезеңді 3:2 есебімен өз пайдасына шешті.

Жекпе-жектің тағдыры үшінші раундта шешілді. Бұл раундта да Альфонсо 3:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде ол төрешілердің шешімімен (3:2) жартылай финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасынан төртінші боксшы жарысты аяқтады. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі) алғашқы айналымнан аса алмаған.

Енді түнде Мұхамедсабыр Базарбайұлы грузиялық боксшымен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.