Қазақстанның алғашқы боксшысы жартылай финалға өтті

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз жеңіске жетті

Фото: Сали Сабиров

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында 80 келіде жұдырықтасып жатқан Нұрбек Оралбай жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз бүгін әзірбайжандық Мұрат Аллахвердиевті 5:0 есебімен жеңді.  Сөйтіп, жартылай финалға жолдама алды.
Нұрбек бұған дейін  1/8 финалда Аустралия спортшысы Каллум Петерстен басым түскен.

Айта кетейік, 3 тамызға қараған түні Сәкен Бибосынов (51 кг) шаршы алаңға шығады. Ол өзбек боксшысы Хасанбай Дусматовпен жұдырықтасады. Жекпе-жекті сағат 00:20-да «Хабар» телеарнасынан көруге болады.

Ерлер арасында бокстан Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов ғана жарысты жалғастырып жатыр. Қалған бесеуі үйге қайтты.