Нокдаун алған жетінші қазақстандық боксшы жеңілді

Qaz365.kz редакциясы

Бірінші раундта шаршы алаңдағы төреші Ибрагимоваға нокдаун деп есеп ашты

Фото: Сали Сабиров

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жетінші қазақстандық боксшы жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жолы әйелдер арасында 57 келіде бақ сынаған Карина Ибрагимова 1/8 финалда Ашелайн Мотта Лозадаға (Пуэрто-Рико) есе жіберді.  Бірінші раундта шаршы алаңдағы төреші Ибрагимоваға нокдаун деп есеп ашты. 

Осылайша, жетінші қазақстандық боксшы жарысты аяқтап отыр. Бұған дейін ерлерден бесеу, әйелдерден Валентина Хальзова жеңілген. Әйелдер тек Назым Қызайбай (50 келі) қалды. 

Айта кетейік, бүгін Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға өтті.