Назым Қызайбай жартылай финалға өтті

Qaz365.kz редакциясы

Ол бүгін 50 келіге дейін салмақта колумбиялық Ингрид Валенсиямен кездескен

Сали Сабиров

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Назым Қызайбай жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін 50 келіге дейін салмақта колумбиялық Ингрид Валенсиямен кездескен.  Үш раундта да басымдық танытқан жерлесіміз төрешілердің шешімімен жартылай финалға өтті. 
Қызайбайда кем дегенде олимпиаданың қола жүлдесі бар. Бокстан жартылай финалда жеңілген боксшы бірден қола медаль алады.  
 
Айта кетейік, Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан ығыстырса, екінші айқасында бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы ұтқан.