Бүгін Нұрбек Оралбай финалдың жолдамасын сарапқа салады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар

Ашық дереккөздерден

Бүгін Париж Олимпиадасының тоғызыншы күнінде бірнеше қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Боксшылардан ерлерден жарысты жалғастырып жатқан жалғыз боксшы Нұрбек Оралбай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сондай-ақ жеңіл атлет Нора Джеруто шығады.

Жарыс кестесі Астана уақытымен берілген.

12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу. Никита Чирюкин.
12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн)
Әсем Орынбай.
13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей.
13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
Ольга Сафронова.
14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
Давид Ефремов.
15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал.
80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы).
16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші). Никита Чирюкин.
18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда) 
Әсем Орынбай.

Олимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.