Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының финалына шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол Париж Олимпиадасының финалына шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен Демеу Жадыраев финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жартылай финалда Демеу 2021 және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әзірбайжандық Санан Сүлейменовпен белдесті.

Айта кетейік, бұған дейін Жадыраев Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жеңген. Оның алдында бірінші айналымда Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтқан болатын.