Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

Qaz365.kz редакциясы

Үш раундта да жылдамдық танытқан қытайлық спортшы жеңіске жетті

Фото: Сали Сабиров

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында  бокстан  әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 50 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Бүгін жартылай финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юмен кездескен. 

Үш раундта да жылдамдық танытқан қытайлық спортшы жеңіске жетті. Қарсыласы финалға жолдама алса, Назым қола жүлдені қанағат тұтты.
 
Бұл Париж Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының үшінші қола жүлдесі. Осының алдында спорттық оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына қола жүлде салған. Дәл қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.