Олимпиада-2024: грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға шықты

Qaz365.kz редакциясы

87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымы басталды

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл салмақта Қазақстан намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғап жатыр.

Тұрсынов алғашқы айналымда мысырлық Мохаммед Метваллимен кездесті. 10:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.