Париж - 2024: Демеу Жадыраев күміс жүлдені қанағат тұтты

Qaz365.kz редакциясы
фото Костадина Андонова Копирование

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 77 келіге дейін салмақта белдескен Демеу Жадыраев күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Финалда 2023 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы Азия ойындарының чемпионы жапониялық Нао Кусакамен кездесті.
Алғашқы кезеңде 2:0 есебімен алда тұрғанымен, жерлесіміз одан кейін сылбыр қимылдады. Нәтижесінде қарсыласы 5:2 есебімен басым түсті.
Нао чемпион атанса, Жадыраев күміс жүлдеге ие болды
Айта кетейік, отандасымыз кеше ширек финалда қырғыздың атақты балуаны Ақжол Махмұдовты, ал жартылай финалда әзербайжан балуаны Санан Сулеймановты жеңді.