Парижде қазақстандық балуан Демеу Жадыраевқа 10 мың жанкүйер құрмет көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Демеу Жадыраев греко-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының күміс медалін еншілеген болатын

Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған қазақстандық балуан Демеу Жадыраев спортшыларды құрметтеу кешіне қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты.

«Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам қарсы алды», – делінген Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев греко-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының күміс медалін еншілеген болатын.