Олимпиада-2024: Юсуп Батырмұрзаев Еуропа чемпионатының жүлдегеріне есе жіберді

Qaz365.kz редакциясы

Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық балуан Юсуп Батырмырзаев Париж Олимпиадасында бірінші белдесуде ұтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Батырмырзаев поляк палуаны Роберт Баранмен кездесті. Белдесудің басында қазақстандық спортшы баяу қимылдағаны үшін ескерту алды. Бірақ жарты минуттың ішінде әдіс жасай алмады. Ал қарсыласы бір ұпай алды. Белдесудің екінші бөлімінде Баран ескерту алды. Ол да сәтті әдісін іске асырмады. Есеп теңесті. Бірақ Батырмырзаев тағы бір ескерту алып, қайтадан бір ұпай беріп қойды. Ал ең соңында Баран бір әдісті жасап, екі ұпайға ие болды. Қорытынды есеп: 4:1.

Юсуп Батырмырзаев еркін күресте 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.