«Жанынан анасы қалмайды»: Елдос Сметов өзіне айтылған сынға жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Желі қолданушыларының кейбірі «мамасының баласы» деп атаған

Qaz365.kz

Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген Елдос Сметов әлеуметтік желіде өзіне айтылған тағы бір сынға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елдос Сметов туған өңірі Таразға оралған кезде той өткізілген. Сол тойдың барысында залға анасының жанынан қалмай (әйелі мен әкесі) келе жатқан видеосы тараған. Мұндай видеолардың тағы бірнешеуі тарады. Желі қолданушыларының кейбірі чемпионды келекелеп, мазақтап, «мамасының баласы» деп атаған. Елдос Сметовтың бұл әрекетін қолдағандар да желіге жазып жатты.

Елдос Сметов сол хейттің бәрін желіден көріп отырғанын айтты.

«Әлеуметтік желіге қарамаймын десем де, әйтеуір, бір қарап қоям. Қазір Олимпиада чемпионы болдым. Содан кейін де енді ештеңе жазбайтын шығар деп ойласам, әлі жазып жатыр екен. Жүріс-тұрысым, келіншегім артта келе жатыр ма, алдында келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, басқасы ма – әйтеуір, бір енді... Қалай шығайын, қалай шықпайын, ол енді менің жеке басымның қуанышы», – дейді Елдос Сметов.