Мирзиёев Парижде сенсация жасаған өзбек спортшыларын қомақты ақшаның астында қалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Өзбекстан Олимпиада ойындарында командалық есепте 13-орынға тұрақтады

Скриншот

Париж Олимпиадасында чемпион атанып, жүлдегер болған Өзбекстан спортшыларына сый-сыяпаттар табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзбекстан алғаш рет Олимпиада ойындарында бейресми жалпы командалық есепте 13-орынға тұрақтады. 

Өзбекстан үкіметі алтын медаль алған 8 спортшыға 200 мың доллар көлемінде сыйлық берілсе, Tahoe автокөлігімен мен бірге 2 қабатты үй тарту етілді.

Ал күміс жүлдегерге 100 мың доллар және BYD автокөлігі мен пәтер табысталды. Қола жүлде иелері де 50 мың доллар мен BYD автөлігіне ие болды.

Еске салсақ, Париж Олимпиадасында өзбек спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлде иеленген болатын.