Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсамақшы

Qaz365.kz редакциясы

Ол мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын әлі шешпегенін айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев олимпиададағы жетістігі үшін мемлекеттен берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын әлі шешпегенін айтты.

«Әлі мемлекеттің беретін сыйақысын алған жоқпыз. Алдымен сыйақыны алайық, сосын көре жатармыз. Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ. Сондықтан отбасымызбен ойланып, көре жатамыз. Қажетті орындарға жұмсаймыз», – деді Демеу Жадыраев.