Сый-құрметтің жалғасы: Демеу Жадраев пен Назым Қызайбайға пәтер берілді

Qaz365.kz редакциясы

Демеудің екі бапкеріне де  пәтер кілті табысталды

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Олипиада жүлдегерлері Демеу Жадраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысы орталығынан пәтер берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қонаев қаласында Париж олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадраев пен Назым Қызайбайға құрмет көрсетілді. Олимпиадашылармен кездесуде Демеу Жадраев пен Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтердің кілттері табысталды. Сонымен біре, Демеуге 10 млн теңге, Назымға 2 млн теңге берілді. Ал Демеудің екі бапкеріне де  пәтер кілті табысталды. Осы арқылы олардың Олимпиададағы қажырлы еңбегі мен спорттық жетістіктеріне құрмет көрсетілді.

Сыйлық Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің бастамасымен және облыс кәсіпкерлерінің қолдауымен тарту етілген.

Қонаев тұрғындарына алғыс ретінде Демеу Жадраев өзінің «хитке айналған» орындады.