Бүгін Өскеменде XXII халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті
Бүгін Өскеменде XXII халықтық спорт ойындары аясында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Чемпионға көлікті демеушілер есебінен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мінгізді.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден үш дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода қола медаль алған.
Еске салсақ, бүгін Өскеменде XXII халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спорттың 22 түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады.