Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Оның қарсыласы анықталды

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің Алматыда өтетін жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады. Бұл Даниярдың кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болса, Джо үшін 28 жекпе-жек болмақ.

Сонымен қатар бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізіп, 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан болатын.