Ұлттық олимпиада комитеті ресми мәлімдеме жасады
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті президенті Геннадий Головкин комитеттің бас хатшысы Жанар Өтешованың «сенімхат негізінде берілген» өкілетін тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Қазақстан ҰОК президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек сенімінің жоғалуына байланысты Ж. Өтешеваны бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі бас ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Жанар Өтешова 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ҰОК-нің атқарушы директоры болды. Сондай-ақ қазақстандық белгілі боксшы және ұйым басшысы Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі қызметін атқарды.