Елена Рыбакина соңғы уақыттағы сәтсіздіктерден кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды

Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен ынтымақтастықты тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«5 жыл бірге жұмыс істегеннен кейін Стефано екеуміз енді жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтамын және оған болашақта барлық жақсылықты тілеймін. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет», - деп жазды теннисші әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Рыбакина бронхитке байланысты Олимпиадаға қатысудан бас тартып, АҚШ-та өткен турнирде бірінші айналымда канадалық Лейла Фернандестен жеңіліп қалған еді.