Нариман Құрбанов Ақордаға неге бармады – себебі айтылды

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Астанада Олимпиада жүлдегерлері президенттің қабылдауында болды

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойындардың жүлдегерлерін қабылдау рәсімінде неге болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшының іс-шараға келмеуінің себебін президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада ХХХІІІ Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады. Өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов салтанатты рәсімге ауырып қалып қатыса алмады. Біз оған тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді Берік Уәли.