Қазақстан спортшысы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Давид Дегтярев 188 келі салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды

Паралимпиада комитеті

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Парижде өтіп жатқан XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды.

Давид Дегтярев 188 келі салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 

Күміс медальді 185 келіні көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 келімен нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді. Қазақстан спортшысы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.