Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынына Паралимпиададан екінші алтынды сыйлады

Qaz365.kz редакциясы

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді

Ақмарал Науатбек Парижде өтіп жатқан XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров  (пара пауэрлифтинг) алтынға қол жеткізді. 
Мерген Еркін Ғаббасовтың еншісінде күміс, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.