Паралимпиада: Бір күнде бір алтын, бір күміс медаль қоржынға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұған дейін Токио паралимпиадасында қола медаль иеленген еді

Фото: olympic.kz

Пара жүзуден қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.

Ол бұған дейін Токио паралимпиадасында қола медаль иеленген еді.

Айта кетейік, Қазақстанда Париж паралимпиадасының екі алтын, екі күміс, бір қола медалі бар.