Спортшы 10 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Паралимпиадада нысана көздеуден күміс жүлдеге ие болған Еркін Ғаббасовтың ипотекалық қарыздарын жауып, 7 миллион теңгелік сертификат табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесті және 7 миллион теңгелік сертификат табыстады.