Қазір Қазақстан қоржынында 7 медаль бар
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстанға пара дзюдодан Қазақстанға тағы бір күміс, бір қола медаль түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Пара дзюдодан J1 санатында 73 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалда румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол берді. Сөйтіп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Ал J2 санаты бойынша 57 келіге дейін салмақта бақ сынаған Даяна Федосова қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңді.
Айта кетейік, Даяна 2021 жылы өткен Токио Паралимпиадасына да қатысып, жүлдеге сәл жетпей қалған.
Қазір Қазақстан қоржынында – 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар.