Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 23 жасында шаңырақ көтерді

Qaz365.kz редакциясы

Той Шымкент қаласында өтті

Ашық дереккөзден

Бокстан 2023 жылы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

9 қыркүйекте 23 жасқа толатын спортшының таңдауы Назым есімді аруға түскен. Той сенбінің кешінде Шымкент қаласында дүркіреп өтті. 

Махмұдтың тойына құрамадағы әріптестері, достары, танымал өнер қайраткерлері жиналған.

Жақында тағы бір әлем чемпионы, жаңөзендік Бекзат Нұрдәулетов те үйленген еді.

Айта кетейік, Махмұд бұған дейін Париж Олимпиадасының бірінші айналымында испаниялық Хосе Бротонс Кильестен жеңілген.