Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 35 мемлекеттен келген 101 тоғызқұмалақшы бақ сынайды

Qaz365.kz редакциясы

Тоғызқұмалақ, мангала және овари ойындары бойынша

Видеодан кадр

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында тоғызқұмалақ, мангала және овари ойындары бойынша мандаттық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мандаттық комиссияның санағы бойынша, 35 мемлекеттен келген 101 ойыншы тоғызқұмалақ ойнау үшін тіркелген. Олардың қатарында 33 ер адам, 29 әйел адам қатысады. 

Жиынға қатысқан Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов қонақтармен және ойыншылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ отырысқа жарысқа қатысуға келген жергілікті және шетелдік командалардың бапкерлері мен өкілдері қатысты. Қатысушыларға ойынның бас төрешісі, регламенті, спортшыларды тіркеу, тоғызқұмалақ, мангала, оваридің ойын ережелері және өтетін орындары таныстырылды.