Нариман Құрбанов қазақ қызы Аида Бауыржановамен шаңырақ көтерді

Qaz365.kz редакциясы

Күні кеше Астанада сырға салу рәсімі мен ұзату тойы өтті

Скриншот

Спорттық гимнастикадан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күні кеше Астанада сырға салу рәсімі мен ұзату тойы өтті. Нариман сүйіктісін қазақы дәстүр бойынша қолына қондырды.

Бұған дейін ел қоржынына тарихи медаль салған спортшының қыркүйек айында шаңырақ көтеретіні айтылған еді. 

«Біз Аида екеуіміз 2018 жылы таныстық. Содан бері қыз-жігіт болып араласып келеміз. Сүйіктім Аида да гимнастшы. Бұйыртса, тойымыз қыркүйекте болады», - деп жазып еді Құрбанов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, спортшы өзінің құрамадағы әріптесі гимнаст Аида Бауыржановаға үйленді.