Назым Қызайбайға көлік, әкесі мен бапкеріне ат сыйға тартылды

Qaz365.kz редакциясы

Олимпиада жүлдегеріне тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды

Видеодан скриншот

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сондай-ақ оның әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке ат мінгізілді.

Бұл туралы Райымбек ауданының әкімдігі хабарлады.

"Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Назым Абайқызы Қызайбайға құрмет көрсетілді. Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқа мінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды.

Сондай-ақ спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Каменов Долкунжан Турсуновичке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты", – делінген әкімдік хабарламасында.