«Махмұд Сабырхан Мырзағалидың қызына үйленді»: бапкер жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратқа қатысты бапкер өзі жауап берді

Фото: ашық дереккөздерден

7 қыркүйекте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтерді. Көпшілік қалыңдықтың әкесі Мырзағали болғандықтан бокстан ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжановпен шатастырып жүр. Осыған бапкер өзі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көптеген адам хабарласып, жаңалықты жіберіп жатыр.  Өзім аң-таң болдым. Тойға барғанбыз. Мырзағали деген өзімнің аттас інім шақырған. Соның қызының ұзату тойына бардым. Тілегімізді айттық. Үйленіп жатқан жігіт - өзіміздің жақын ініміз, шәкіртіміз - Махмұд Сабырхан», - дейді Мырзағали Айтжанов Берік Сұлтанға берген жауабында.

Айта кетейік, бүгін 23 жасқа толған Махмұд Сабырханның қайын атасының есімі де – Мырзағали. Бірақ фамилиясы Есқұлов.