Бас прокурор Елдос Сметовқа бағалы сыйлық тарту етті

Qaz365.kz редакциясы

Сметов прокурорлардың дене шынықтыратын кешенін аралап көрген

Фото: Бас прокуратура

Бас прокурор Берік Асылов Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сметов прокурорлардың дене шынықтыратын кешенін аралап көрген.

«Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, Елдос Сметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев чемпионға Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлаған еді.