Нариман Құрбанов жуырда шаңырақ көтерді
Париж Олимпиадасының спорттық гимнастикадан күміс медаль иегері Нариман Құрбанов алған сыйлықтарын жақындарына бергенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ке сілтеме жасап.
«Сыйға берілген «Skoda Kodiaq» автокөлігін әкеме бердім. Ал кәсіпкерлер табыстаған пәтерді анама сыйладым», - деді спортшы
Сондай-ақ гимнастшы алдағы уақытта шетелде білімін жетілдіріп, отандық спорттың деңгейін көтеруге ат салысқысы келетінін айтты.
Айта кетейік, Нариман Құрбанов жуырда шаңырақ көтерген. Үлкен тойы екі аптадан кейін болмақ.