Қазақтың қос сәйгүлігі аламан бәйгеде қырғыздың «Қара қызын» артқа тастады

Qaz365.kz редакциясы

Аламан бәйгенің жеңімпазы қазақстандық сәйгүлік «Айқабақ» болды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 25 шақырымдық аламан аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аламан бәйгенің жеңімпазы қазақстандық сәйгүлік «Айқабақ» болды.

Аңсар Арыстанбек тізгіндеген тұлпар мәреге бірінші жетсе, екінші орынды тағы бір қазақстандық «Жұмыртұяқ» болды. Оның шабандозы - Аманкелді Хамза. Үштікті түйіндеген қырғызстандық «Қара қыз» сәйгүлігі. Оны Нұрел Елесов тізіндеген. Қазақтың қос сәйгүлігі аламан бәйгеде қырғыздың  «Қара қызын» артқа тастады