Аламан бәйгеде топ жарған «Айқабақ» атының иесіне Santa Fe көлігі берілді

Qaz365.kz редакциясы

Аламан бәйгеден Қазақстан қоржынына бір алтын, бір күміс медаль түсті

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәреге жетті. Соның ішінде ең қызықты жарыс – 25 шақырымдық аламан бәйге болды. Мәреге бірінші болып келген Алматы облысының «Айқабақ» атының шабандозына автокөлік кілті табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс медаль түсті.

Сапарғали Сәтбаев баптайтын «Айқабақ» сәйгүлігіне 14 жастағы Аңсар Арыстанбек шапты. Оған Hyundai Santa Fe көлігінің кілті табысталды.