Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатты намыстанған сәтін еске алды.Спортшы сол үшін ең алдымен тіл үйренуге кірісетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Осы Олимпиадада ағылшын тілін біомеу қатты намысыма тиді. Енді соны қолға аламын деп отырмын. Такато емес, бүкіл әлемде қарсыластарым, достарым бар. Олармен сөйлесейін десем, ойымды жеткізе алмаймын. Олар да сұрақ қояды, айтады, бірақ түсіне алмайтынмын. Соның өзінде бұл менің намысыма аса тиіп жүрген жоқ еді. Олимпиада ойындарын ұтқан соң кешке гала-ас ұйымдастырылып, басшылық пен Олимпиада чемпиондары жиналды. Бәрі келіп құттықтап жатыр. «Congratulations»деген жерін ғана түсініп, «thank you» деп қоямын. Сөйлеп жатыр, бірдеңелерді айтып жатыр, мен қарап тұрдым да, түсінбегеніме қатты намыстандым. Араында «legend» дегенді түсініп, оған да рахметімді айтамын, болды, басқа ештеңе түсінбеймін. Түр жасап алып, рахметімді жеткіземін, бірақ не айтып тұрғанын мүлде түсініп тұрған жоқпын. Мақтап жатқанын ғана сезіп тұрмын. Сол кезде талай жарысқа бардым, талай елде болдым, әлемді ұттым, үш Олимпиадада жүлде алдым, неге осы уақытқа дейін үйреніп, жаттап алмағанмын деп өзіме ызам келді. Алдыма бірінші қойған мақсатым - ағылшын тілін үйрену», – деді Елдос Сметов «Қызық таймс» бағдарламасында.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды. Ол дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.