Боксшы шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда сол кезде ауруханаға түскен болатын
Қазақcтандық боксшы, WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін міндетті қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жекпе-жекті өткізуге өтінімді жеңіп алған No Limit Boxing промоутерлік компаниясы жұдырықтасу 4 қазанда Сиднейде (Аустралия) өтетінін хабарлады. АҚШ-та шоу ESPN+ арнасынан көрсетіледі. Бұл ретте қос боксшы тек IBF әлем чемпионы атағы үшін таласады. Себебі естеріңізде болса, Әлімханұлы бұған дейін WBO Михайловичпен жекпе-жек қарсаңында салмақ жинай алмай, көпшілік күткен жұдырықтасуға санкция берілмеген болатын.
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда кездесу алдында «Қазақ стилі» салмақ қуам деп, сәтсіздікке ұшырап, ағзаға су жетіспеушілігінен есінен танып, ауруханаға түскен болатын.