Астана әкімі паралимпиада жүлдегерлеріне қаржылай сертификаттар мен пәтер сыйлады

Qaz365.kz редакциясы

Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан бөлінген қаражат

Фото: @jenis_qasymbek/Instagram

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Париждегі паралимпиада ойындарына барып, жүлделі орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақмарал Науатбек елімізге көптен күткен жеңіс сыйлады. Ол пара дзюдодан әлем чемпионы атанған және Паралимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде ел тарихына енді. Әлем алдында көк туымызды желбіреткен тағы бір елордалық спортшы – Ерғали Шәмей. Ерғали күміс медаль жеңіп алды. Олардың жеңісінің артында тоқтаусыз жаттығулар, темірдей тәртіп, шыдамдылық, жақындарының, бапкерлерінің қолдауы, өзіне деген сенім жатыр», - деп жазды әкім.

Осы жеңістері үшін Жеңіс Қасымбек Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтер мен 30 млн теңге, ал оның жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 млн теңге берген. Ал, Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 млн теңге ақшалай сыйақы, жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 млн теңге берді.

«Ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан бөлінген қаражат», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.