Атырауда күрес түрлерінен Oil Capital Cup турнирі өтті
Атырауда күрес түрлерінен Oil Capital Cup турнирі өтті. Жарысқа Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен қола жүлдегері Ақжол Махмұдов шақырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жарысқа екі елдің даңқты балуандарын шақырған Арман Тоғаев қазіргі уақытта қазақ пен қырғыз көкпаршылары арасында туындаған даудың басқаша сипатта белең алуына жол бермеу керектігін жеткізді.
«Қырғыз бен қазақ бір туған. Арамызда тек татулық болуы керек. Арандатушы әрекеттерден аулақ болайық. Біз біріксек бәрі жақсы болады. Қазір бізді өзара қырқыстыру біреулерге тиімді шығар. Бірақ біздер соған жол бермей, бір-бірімізді сыйлайық. Ақжол бауырым шақыруымызды қабыл алып, Германиядан ұшып келді. Демеу де бірден келісіп, Атырауға табан тіреді», – деді Арман Тоғаев.