Қазақ боксшысы алдағы жекпе-жегіне атақты Канеломен бірге дайындалып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Алдағы жекпе-жегіне отандасымыз тағы да Канелоның қасында жүріп дайындалуда

Фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (13-0, 10 КО) 25 қазанда ринге оралады. Ол қазір жаңа жекпе-жегіне дайындықты атақты мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қасында өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандық Калифорния шатытндағы Сан-Джасинто қаласындағы бокс кешіне қатысады. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні таңертең Бек Нұрмағанбет америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жекпе-жек өткізіп, оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Осылайша 26 жастағы Бек 13-рет шаршы алаңға шықты. Оның 12-де жеңіске жетсе, 10-ын мерзімінен бұрын ұтты.

Қазақстандық боксшы Лас-Вегаста өткен «Канело-Берланга» америкалық бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ бұл жекпе-жек YouTube-тегі тікелей эфирде көрсетілмеді.

Алдағы жекпе-жегіне отандасымыз тағы да Канелоның қасында жүріп дайындалуда.