«Қасқыр терісінен тігілген». Демеу Жадыраевқа Атырауда ерекше құрмет көрсетілді

Qaz365.kz редакциясы

Oil Capital Cup турниріне құрметтеп шақырылған еді

Фото: @tugayev.arman

Атырауда қасқыр терісінен тігілген шапан жауып, құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Oil Capital Cup турниріне құрметтеп шақырылған еді.

Бұл туралы атыраулық кәсіпкер әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан», – дейді кәсіпкер.

Ол бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қырғызстандық балуан Ақжол Махмудовты Атырауда ерекше құрметпен күтіп алғанын да айтқан еді.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда жапон балуаны Нао Кусакадан жеңілген.