"Бүгінгі ойын көрсетеді": Қазақстан шахматшылары АҚШ-пен кездеседі

Qaz365.kz редакциясы

Чемпион атануы да мүмкін, тіпті, жеңілсе, жүлдесіз қалуы ықтимал

Қазақстан шахмат федерациясы

Бүгін Қазақстанның шахматшы қыздары чемпиондыққа таласады

Бүгін Мажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші олимпиаданың соңғы күні, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова бүгін АҚШ-пен кездеседі. Барлығы бүгінгі нәтижеге байланысты. Қазақстан чемпион атануы да мүмкін, тіпті жеңілсе жүлдесіз қалуы ықтимал. Қазір ұлттық құрама Үндістаннан кейін екінші орында тұр.
1). Үндістан - 17 ұпай
2). Қазақстан- 17 ұпай
3).АҚШ - 16 ұпай
4). Польша - 16 ұпай
5). Испания - 15 ұпай
6). Армения - 15 ұпай
7). Грузия - 15 ұпай
8). Венгрия - 15 ұпай
9). Әзербайжан -15 ұпай.