Қыз зорлады деген күдікке ілінген боксшы Жанқош Тұраровтың жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандық боксшы мәлімдеме жасады

Фото: instagram/zhankoshturarov

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жегі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

63,5 кг салмақта жұдырықтасатын боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Карреа Пинтоның жекпе-жегі 28 қыркүйекке жоспарланған. Бұл кездесуге қатысты қазақстандық боксшы мәлімдеме жасады.

"Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын", - деп жазды Жанқош Тұраров.