Футзал: Қазақстан әлем чемпионы Португалияны жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Матч Әндіжанда өтті

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін ұлттық жерлестеріміз Әндіжанда 2021 жылғы әлем чемпионы Португалияны жеңді.

Қазақстан сапынан Шыңғыс Есенаманов пен Дәурен Тұрсағұлов гол соқты. Сөйтіп, 2021 жылғы әлем чемпионатында кеткен есені қайтарды. Ол кезде жартылай финалда пенальтиден ұтылғанбыз.

Енді ширек финалда Қазақстан құрамасы Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.