Назым Қызайбай «Қарағанды аруы» байқауына қатысады

Qaz365.kz редакциясы

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері байқауға қатысады

Фото: ашық дереккөзден

27 қыркүйекте Назым Қызайбай Қарағандыда өтетін сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қалалық байқаудың қазылар алқасының құрамында болады.

Париж олимпиадасында бокстан әйелдер арасында 50 келі салмақта қазақстандық Назым Қызайбай қола медаль иеленген. Назым Қызайбай 2014 және 2016 жылы әлем чемпионы атанған. Бірақ ол олимпиадаға жолдама алу мүмкіндігін бірнеше рет пайдалана алмаған еді. Париждегі ойындар – оның алғашқы олимпиадасы.