Данияр Елеусінов пен Қуат Хамитов Алматыда жеңіске жетті

Qaz365.kz редакциясы

Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: Instagram/Daniyar Yeleussinov

Алматыдағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен ММА шебері Қуат Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ережесіз жекпе-жекте жүрген Қуат Хамитов пен Нұрберген Шарипов бокстасып көрді.

Кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде Қуат Хамитов 6 раундқа созылған кездесуде Нұрберген Шәріповті төрешілердің шешімімен жеңді. Алты раундқа жоспарланған бұл кездесуде Қуат Хамитов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп, кәсіпқой бокстағы карьерасын да сәтті бастады.

Ал осы кештің басты жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) ұзақ уақыт үзілістен  филиппиндік Джо Нойнайдың (23-4-2, 11 КО) осал тұсын тапты.
Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай Даниярдың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты. Сондай-ақ филиппиндік бірінші және төртінші раундттарда нокдаун алды.

Осылайша, Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды. Ал Джо Нойнай бесінші рет жеңіліске ұшырады.