Назым Қызайбай сыйға алған көліктерін сатып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан 50 келіде қола жүлдегер атанған еді

Фото: olympic.kz

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне берілген сыйлықтарды не істейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Париждегі жүлдесінен соң өзіне сыйға берілген темір тұлпарларын сату туралы шешім қабылдады. Спортшыға демеушілер үш көлік сыйға берген. Ол соның екеуін – Zeekr мен Mini Cooper-ді сататынын айтты.

Оның айтуынша, ол мұндай қадамға ақша керек болғандықтан барған. Сондай-ақ Назым Қызайбай үш бірдей көлікті қалдыруға шамасы жетпейтінін атап өтті.

Айта кетейік, Назым 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан 50 келіде қола жүлдегер атанған еді.