Ташкентте 12 мың жанкүйердің алдында Қазақстан Аргентинадан жеңілді

Qaz365.kz редакциясы

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ширек финалда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Ташкентте Қазақстан 2016 жылғы әлем чемпионы Аргентинамен кездескен. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде Аргентина аяған жоқ. Қазақстан сапынан тек Дәурен Тұрсағұлов бір гол салды. Қорытынды есеп - 1:6.

Енді 3 қазан күні Аргентина Франциямен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионаттары чемпионаттары аясында Қазақстан мен Аргентина бір рет қана кездесті. 2016 жылы аргентиналықтар топтық кезеңде 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ал Ташкенттегі әлем чемпионаты қарсаңында екі құрама Алматыда жолдастық кездесу өткізіп, алаң иелері 3:2 есебімен қарсыластың осал тұсын тапқан.

Қазақстан Өзбекстандағы әлем чемпионатында D тобына түскен. Алдымен Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді.

Ал 1/8 финалда Португалиядан 2:1 есебімен қапы қалдырса, ширек финалға жолдама алған еді.