Диего Марадона 60 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болған болатын
Футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы , атақты аргентиналық ойыншы Диего Марадонаның арналған кесене салынады. Құрылысы аяқталғаннан кейін футболшыны осында көшіріп жерлемек, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Clarin басылымының жазуынша, кесене құрылысы 2025 жылы Буэнос-Айрестің Пуэрто-Мадеро ауданында басталады деп жоспарланған. Марадона жерленген Белья-Виста зиратынан оның сүйегін қазып алып, кесенеге көшіруге сот рұқсат берген. Кесене президент сарайының маңында орналасатын болады.
Айта кетейік, Диего Марадона 2020 жылы 25 қарашада 60 жасында жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Аргентинада сол кезде үш күндік Жалпыұлттық аза тұту жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айрестің маңында ата-анасының қасында Хардин Белла Виста жеке зиратында жерленді.
Диего Марадона – 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айресте дүниеге келген. Клубтық деңгейде Марадона «Бока», «Барселона», «Севилья» және «Наполи» клубтарында ойнады, Италия құрамасында екі дүркін ел чемпионы болды, УЕФА кубогін жеңіп алды. Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан.
Ал бапкер ретінде Аргентина құрамасын, Аргентинаның «Расинг» және «Химнастия» клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар, ол арабтардың «Әл-Васл» және « Әл -Фуджайра» клубтарында жұмыс істеді. Беларуссияның Динамо Брест клубының құрметті президенті болды. Марадона соңғы рет 2020 жылы 30 қазан күні өзінің 60 жылдығына арналған «Химнасия мен Эсгрима» командасы мен «Патронатоның» ойынында көпшілік алдына шықты. Матч алдында оған ескерткіш тақта табыс етілді. Алайда мерейтой иесі денсаулығының нашарлап тұрғанын айтып, матч кезінде кетуге мәжбүр болған.