Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетті
WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгінгі жекпе-жегі алдында ескі әнұран шырқалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұрынғы «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз, Азаттық жолында жалындап жаныппыз» деп басталатын әнұран шырқалды. Жекпе-жек Австралияның Сидней қаласында өтіп жатыр.
Айта кетейік, The ring басылымының хабарлауынша, Жәнібек жеңіске жетсе, екі чемпиондық атағын да сақтап қалады. Ал егер жеңіліс тапса Михайлович IBF титулын иеленіп, WBO бос қалады.
IBF ережелеріне сәйкес, екі боксшы бүгін екінші мәрте салмақ өлшеуден өтті. Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетіп, белгілеген лимиттен аспады. Ал Андрей- 169,2 фунт (76,7 кг) шықты.