Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатынан қола жүлде бұйырды

Nur-Altay Umirzak

Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтауда

fdk.kz

Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Азат Күмісбай ел қоржынына қола жүлдені салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Ол 81 келіне дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол жұбаныш финалында Тәжікстан балуаны Сунатулло Мусоевтан басым түсті. 
 
Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. 
 
Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. 7 қазанға дейін жалғасатын әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтауда.